Алыс қалған күндер,
Жүрмедіңдер бірге,
Сағындырып.
Жетемін деп арман,
Мен де өзіңнен қалман,
Сағым қуып.
Жеткізбейді кезең,
Өткізбейді өзен,
Бір бақытты сезем, сезем
.
Бар өмірім алда,
Сен қасымнан қалма,
Оята бер таңда,
Аяулым.
Зуылдайды кеме,
Теңіздерде терең,
Дауылдарда.
Ере берші сеніп,
Жауратпаймын сені,
Жаным барда.
Жеткізбейді кезең,
Өткізбейді өзен,
Бір бақытты сезем, сезем
.
Бар өмірім алда,
Сен қасымнан қалма,
Оята бер таңда,
Аяулым.