Ортада отырмыз бәріміз
Жасы-үлкен,кішіміз, кәріміз
Балалық шағымнан әңгіме айтайын
Құлақ сап тыңдаңыз бәріңіз
Балалық шағымнан бірге өскен
Қаракөз сұлу-ай бой жеткен
Он жылдық мектепті үздікке бітіріп
Қалаға оқуға ол кеткен
Осы мен ай өтті, жыл өтті
Қаракөз хабарсыз мол кетті
Күндердің күнінде
Қаракөзайымнан бір парақ
Қағазбен хат келді
Хатында жазыпты кешір деп,
Мәңгілік махаббат өшті деп
Күздегі болатын үйлену тойымның
Қадірлі қонағы болшы деп
Сонда мен бардымғой қалаға
Сүйгеніңді іздемей болама,
Мен барсам қалаға, қасында бір бала
Сонда мен қалдым ғой далада
Жігіттер сенбеңдер қыздарға,
Осы күні оңған бір қыз бар ма?
Жүрегі лүпілдеп,сүйемін деп алдайды.
Махаббат ойыншық қой оларға.
Жігіттң намысын аяққа таптаған
Қыздарды қыз деуге болама
Осымен әнімді тияын
Қалайша меноны қияын
Осында отырған бір қызға ғашықпын
Есімін айтпай-ақ қояын.
Осында отырған бір қызға ғашықпын
Есімін айтпай-ақ қояын.