Вступление
Кеудем толы жырым ағын
Жалындаймын жанығамын
Мен өзіңе асығамын
Алыста ма жасыл бағым
Сағынғанда қасындамын
Әсем ауылым
Өшпес оттай ыстық сезім
Сағыныштан сынып төзім
Буланды көзім оо оооооооо
Қайырмасы:
Туған жерім менің
Думан дала елім
Қандай шырын сезім
Туған жерім менің
Отаным бұл — Елім! оооо оооооооооо
Өзіңнен алған тағылым
Аядай ғана ауылым
Жібекше желің есіліп
Шашыммен ойнап дауылың
Сүйеді ерке тау ұлын
Асыл ауылым
Өшпес оттай ыстық сезім
Сағыныштан сынып төзім
Буланды көзім
Қайырмасы:
Туған жерім менің
Думан дала елім
Қандай шырын сезім
Туған жерім менің
Отаным бұл — Елім