gGuitarama
А

Айлы тун

Аккорды
Рекламаad-slot:header
Тон
0
Прокрутка
Шрифт
Вид аккордов
Ашық еді көгілдір аспан
Көл бетіне ай нұрын шашқан
Жағада толқын, шағала қалқып
Бәріне бір ән жарасқан
Бақта бұлбұл әнге салады
Сылдыр қағып сулар ағады
Аққан бір судай өмірде зулай
Байқамай өтіп барады
Сен келмедің сол бір түндерде
Мен сырымды айттым әсем гүлдерге
Жағаға келем сағынғанда сені
Сырласамын самал желмен түндерде
Толқынменен тербеліп қайық
Ақ желкені өзіне лайық
Махаббатымсыз отырмын жалғыз
Көл жаққа қарап мұңайып
Жұлдыздар қарап жымыңдасқан
Биік таулар көкпен таласқан
Айнала жарық көрінген анық
Айлы түн қандай тамаша
Сен келмедің сол бір түндерде
Мен сырымды айттым әсем гүлдерге
Жағаға келем сағынғанда сені
Сырласамын самал желмен түндерде

Видео

Смотреть на YouTube

Видео для этой песни пока не подобрано.